• RUB:
    6.44
  • USD:
    508.5
  • EUR:
    580.66
Басты сайтқа өту
Қаржы 12 Сәуір, 2020

Валюта айырбастайтын пункттердің қысқартылған жұмыс режимі 19 сәуірге дейін ұзартылды

242 рет
көрсетілді

Бұл талап Алматы мен Нұр-Сұлтан  қалаларындағы  валюта айырбастайтын орындарға қатысты болмақ. 

Бұған дейін Алматыда және Нұр Сұлтанда айырбастау пункттерінің (жұмыс кестесіне сәйкес) және қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге құқығы бар уәкілетті ұйымдардың жұмысы сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін шектелгені туралы хабарланған болатын.

Екінші деңгейдегі банктердің филиалдары, Ұлттық почта операторлары  төтенше жағдай кезінде зейнетақыларға, атаулы әлеуметтік көмекке және әлеуметтік төлемдерге мұқтаж адамдарға қызмет көрсету, сондай-ақ осы санаттағы адамдар үшін өзге де қызметтер көрсетуін жалғастыра береді.

«Екінші деңгейлі банктер және Ұлттық пошта операторлары жұмыс кестесін өздері анықтайды»,   делінген тиісті бұйрықтың мәтінінде.

  АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар