• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.64
  • EUR:
    609.23
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Сәуір, 2020

42500 теңге келесі айда да беріледі - Президент

1911 рет
көрсетілді

Үкімет келесі айда да табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көлемінде көмек береді. Бұл туралы Мемлекет басшысының коронавирусқа байланысты жариялаған мәлімдемесінде айтылған.

- Үкімет келесі айда да табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көлемінде көмек береді. Қайтадан өтінім жіберудің қажеті жоқ. Төлем бұрын ұсынылған құжат бойынша жүзеге асырылады. Мұқтаж отбасылар азық-түлік ала береді, - деді Президент мәлімдемесінде.