• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Теннис 05 Маусым, 2020

Шаралар қатаң сақталуы тиіс

105 рет
көрсетілді

Теннистен АҚШ ашық чемпионаты (US Open) турнирінің ұйымдас­тырушылары дүниежүзінде болып жатқан жағдайға байланысты доданы қауіпсіздік шараларын сақтай отырып өткізудің бірнеше жолын қарастыруда, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Аталған дода ұйымдастырылған жағдай­да көрермендерсіз өтетіні мәлім болды. Сонымен қатар спортшылардың қауіп­сіздігін сақтау мақсатында қатысушы­ларға арнайы чартерлік рейстер тағайындалуы мүмкін. Қатысушылардың барлығы жарыс алдында COVID-19 вирусына тест тапсырады. Сондай-ақ жарыста төрелік ететін төрешілер мен матчта қызмет көрсететін болбой саны қысқартылады. Тағы бір ескеретін жайт, жарыс ұйымдастырылған жағдайда форматы өзгеруі мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар