
Оған себеп Ерйментау ауданында коронавирус індетінің өсімі. Бұл туралы аталмыш аудан әкімдігі фейсбуктегі парақшасында мәлімдеген.
"Ерейментау ауданының тұрғындары арасында COVID-19 ауруының өсуіне байланысты және Ақмола облысы бойынша Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 04.07.2020 жылғы № 86 бұйрығына сәйкес "Аумақта коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша карантиндік шараларды күшейту туралы", Ерейментау ауданының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін:
- Ерейментау ауданы шекарасы аумағында орналасқан "Көбейтұз"," Кұрбет", "Теңіз"' Қоржынкөл" және басқа да көлдерге баруға тыйым салынады", - делінген хабарламада.