• RUB:
    6.44
  • USD:
    508.5
  • EUR:
    580.66
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Желтоқсан, 2020

Ғарыш аймағынан мыс өнімдерін ұрлаған екі адам ұсталды

245 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында мыс өнімдерін ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz.-ке сілтеме жасап.

4 желтоқсанда полицияға Байқоңыр ғарыш аймағының алаңынан 30 келіге жуық мыс өнімдерінің ұрланғандығы жөнінде арыз түсті.

Дереу жедел-іздестіру жұмыстарына кіріскен полицейлер осы ұрлықты жасауға күдікті ретінде Байқоңыр қаласының екі тұрғынын ұстады.

Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Полицейлер күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар