• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Ақпан, 2021

Петропавлда қаланың қақ ортасында жол-көлік оқиғасы болды

486 рет
көрсетілді

Кеше Петропавлдың «Егемен Қазақстан» және «Евгений Брусиловский» көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. Бұл қаланың қақ ортасы, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарсы келіп қалған ВАЗ-2101 және АУДИ-80 автомобильдері қатты соғылып, нәтижесінде ВАЗ-2101 жүргізушісін құтқарушылар әрең алып шығып, жедел-жәрдемнің қолына тапсырды.

Жол-көлік оқиғасы жолдың көктайғақтығында тежегіштің ұстамауы себепті орын алған деген алғашқы болжам айтылуда.