• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Сәуір, 2021

Дмитрий Баландин жүзуден Ресей чемпионатының күміс жүлдегері атанды

312 рет
көрсетілді

Дмитрий Баландин Ресей чемпионатында 200 м қашықтықта брасс әдісімен жүзу бойынша күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Финалда ол тиісті қашықтықты 02:08.5 уақытта жүзіп өтті. 

Аталған санат бойынша ресейлік Антон Чупков топ жарса, Кирилл Пригода үздік үштікті қорытындылады. 

Айта кетерлігі, осыған дейін Баландин 50 м қашықтықта брасс әдісімен жүзу бойынша жетінші, 100 м қашықтықта төртінші болған еді.