• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Косметикалық операциядан кейінгі өлім: Алматы мен Ақтаудағы клиникалардағы тексерістің жайы

Қазақстанда мұндай мекемелерге профилактикалық бақылауды күшейту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы мен Ақтауда косметикалық операциялардан кейін пациенттердің қайтыс болуына байланысты жекеменшік клиникаларды тексеру қалай жүріп жатқанын Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов айтып берді.

Маңғыстауда мәслихат депутаты пластикалық операция кезінде қайтыс болды

4 сәуірде Маңғыстау облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты, 49 жастағы Ербол Айтуов «Қасиет» жекеменшік клиникасына жүгінген. Ер адамға липосакция операциясы жасалып, содан кейін ол комаға түсіп, көз жұмған. Осы оқиғадан кейін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті тексеру жүргізді.

«Материалдар құқықтық баға беру үшін прокуратура мен құқық қорғау органдарына тапсырылды. Сондықтан нәтижелері олар қарағаннан кейін жарияланады», – деді Жүсіпов Сенат қабарғасында.

Комитет төрағасы клиника қызметінде қандай да бір заңбұзушылықтар анықталған, анықталмағанын нақтыламады.

Белгілі кәсіпкер әрі блогер Сәуле Базархан пластикалық хирургия клиникасында көз жұмды

Косметикалық операциядан кейінгі тағы бір өлім жағдайы 15 мамырда Алматыда тіркелді. Клиникада блогер әрі кәсіпкер Сәуле Ермаханова қайтыс болды. Қазір бұл мекемеде де тексеру басталған.

«Бүгіннен бастап арнайы комиссия Алматыдағы осы жекеменшік клиникаға кіріп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша қосымша ақпарат береміз... Біз комиссия құрамын жасақтадық, оның ішінде тәуелсіз сарапшылар да бар. Олар барлық істі, барлық материалдарды, соның ішінде медициналық тарихты толық зерттейді. Мұнда белгілі бір рәсімдер бар», – деп түсіндірді Жүсіпов.

Жүсіповтің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда пластикалық операция жасайтын шамамен 247 жекеменшік клиника жұмыс істейді. Осы қайғылы оқиғалардан кейін министрлік профилактикалық бақылауды күшейтуді, соның ішінде лицензиялық талаптардың сақталуын және мамандардың оқыту сертификаттарын тексеруді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар