• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Сәуір, 2021

Елордалық Санжар Ташкенбай әлем чемпионы атанды

1216 рет
көрсетілді

Бокстан Кельце қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Санжар Ташкенбай 1-орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

49 келіде сынға түскен отандасымыз финалдық кездесуде Ресей елінің спортшысы Роберт Бадалянды 4:1 есебімен жеңіп, алтынан алқа тақты.

Байрақты бәсекеге 58 елден 500 ге жуық спортшы қатысты.

Айта кетейік, жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 2 алтын, 4 күміс 4 қола жүлдемен төртінші орынға жайғасты.