• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 21:54

Алматыда студент сегізінші қабаттан құлап кеткен

20 рет
көрсетілді

Алматыда бірінші курс студенті университет ғимаратынан құлап, оқиға орнында көз жұмған. Аталған деректі оқу орнының медиаорталығы растаған, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға 6 мамыр күні таңғы сағат 09.00 шамасында болған. Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті сегізінші қабаттан құлаған. Марқұм «Философия» білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік грантта оқыған.

Университет мәліметінше, студент оқу жылы ішінде психологиялық көмекке жүгінбеген, мамандарға қаралмаған. Сондай-ақ оның психологиялық жағдайына қатысты қандай да бір шағым немесе алаңдататын белгі тіркелмеген. Оқытушылардың айтуынша, ол сабақты жақсы оқыған, тәртіптік ескерту алмаған.

Оқу орнының басшылығы марқұмның отбасымен кездесіп, көңіл айтып, қажетті жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Жаппай төбелес: Алматыдағы екі жасөспірімнің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, тиісті тексеру мен тергеу амалдары жүргізілуде. Университет өкілдері оқиғаның емтихан сессиясымен байланысты емес екенін атап өтті. Студенттің үлгерімі жақсы болған, алайда сол күні жоспарланған емтиханға келмеген.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Медеу аудандық полиция басқармасы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда оқиғаның себептері мен барлық жағдайлары анықталып жатыр.

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды

Соңғы жаңалықтар