Шығыс Қазақстан облысында сирек кездесетін жыртқыш – қар барысын зерттеу мақсатында кешенді далалық экспедиция жүргізілді. Жұмысқа Катонқарағай ұлттық паркінің мамандары, Аршаты орманшылығының мемлекеттік инспекторлары және Қазақстанның Зоология институтының ғалымдары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Экспедиция барысында мамандар бұрын орнатылған фототұзақтарды тексеріп, жаңа фототұзақтар орнатты. Бұл құрылғылар – сирек әрі өте сақ жануарларды табиғи ортада бақылаудың ең тиімді ғылыми әдістерінің бірі.
Алматы облысында қар барысының ізі анықталды
Тексеру кезінде күтпеген сирек жағдай тіркелді. Бұрын орнатылған фототұзақтардың бірін қар барысы зақымдап, құрылғыны толық істен шығарған. Соның салдарынан ішіндегі флеш-картадағы деректер сақталмай қалған.
Қазіргі уақытта қар барысын зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр.
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті