• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Маусым, 2021

SpaceX кемесі ғарыш станциясына жүк алып ұшты

257 рет
көрсетілді

Америкалық SpaceX компаниясы Халықаралық ғарыш станциясына «Фэлкон-9» зымыранын ұшырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол ғарыш станциясындағы экипажға арналған 3,3 тонна жүк жеткізуі тиіс. Оның ішінде зерттеу құралдары, азық-түлік және екі күн батареясы бар. Бұған дейін НАСА станциядағы күн батареяларының ескіре бастағанын хабарлаған еді. Айта кетейік, «Фэлкон-9» зымыраны американдық «СпейсЭкс» жекеменшік компаниясына тиесілі.

Ал Халықаралық ғарыш айлағына жүк тасымалдау АҚШ Ғарыш агенттігімен келісім-шарт бойынша жүзеге асырылады.