• RUB:
    6.39
  • USD:
    510.84
  • EUR:
    579.7
Басты сайтқа өту
Футбол 14 Маусым, 2021

«Астана» өз алаңында «Тобылды» ұта алмады

196 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстан чемпионатының 15 турындағы соңғы үш бәсеке Нұр-Сұлтан, Тараз және Қызылорда қалаларында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Елорда төрінде чемпиондық атақтан басты үміткер қос команда – «Астана» мен «Тобыл» өзара күш сынасты. Алма-кезек шабуылмен өткен бәсеке барысында қонақтар есеп ашты. 29-минутта Неманья Николич қостанайлықтарды алға шығарды.

Бірақ олардың бұл басымдықты ұстап тұра алмады. Арада 15 минут өткеннен соң алаң иелерін пенальтиден есепті теңестірді – 1:1. Бұл голдың авторы – Марин Томасов. Содан кейін есеп өзгерген жоқ.