• RUB:
    6.66
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.91
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Шілде, 2021

Пәкістандағы жарылыстан 10 адам қаза тапты

326 рет
көрсетілді

Алдын ала мәліметтер бойынша, он адам, оның ішінде екі әскери қызметкер, Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы террористік актінің құрбаны болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Жоғарғы Кохистан ауданындағы Дасу су қоймасының құрылысына бет алған жұмысшылар мінген автобустың жолында жарылыс болған.

Қаза тапқандардың арасында ҚХР-дан келген төрт инженер бар. 

39 адам ауруханаға жатқызылды.  Жарылыс бойынша тергеу жүріп жатыр. 

Террористік ұйымдардың ешқайсысы жарылыс ұйымдастырғандарын мойындаған жоқ.