• RUB:
    6.35
  • USD:
    514.5
  • EUR:
    582.67
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Тамыз, 2021

Алматыда теміржол қызметкерін атып кетті

379 рет
көрсетілді

Алматыда теміржолшыға белгісіз біреу оқ атты, деп хабарлайды Egemen.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Көліктегі ПД хабарлағандай, 34 жастағы Алматы тұрғыны теміржол кәсіпорнының қызметкерін өлтіруге оқталған.

«26 шілдеде Алматы-1 станциясындағы ЛУП кезекші бөліміне көліктегі ЖКО белгісіз адам азаматты өлтіруге оқталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Атыс нәтижесінде Н. есімді ер адам дене жарақатын алды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Күдіктіден «Наган» жүйесінің револьвері тәркіленді», деді полиция генерал-майоры.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.