Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Антверпен, Гамбург, Пириней, Роттердам және Мугга порттарының қазақстандық жүктерді қабылдаудан бас тартуына байланысты Ресейдің Санкт-Петербург, Новороссийск, Усть-Луга, Тамань порттары арқылы жүктерді тасымалдау барысында қиындықтар туындап жатқаны туралы айтты.
Қазақстан Ресей аумағындағы жүктерді Латвияның Рига, Вэнстпилс және Лиепая порттарына қарай бағдарлайды. Бұл шешімге Латвияның теңіз порттары келісімін берді.
Латвия тарапы өз порттарының қуаты мен өткізу қабілетіне қарай қазақстандық жүктерді қабылдауға дайын екендігін мәлімдеді.