Қазақстандағы бастапқы тұрғын үй нарығында баға айтарлықтай өзгерген жоқ. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, сәуір айында ел бойынша жаңа пәтерлер бағасы наурызбен салыстырғанда орта есеппен 0.6% өсті. Ал жыл басынан бері өсім 4.4% болды, деп жазады Egemen.kz.
Сәуірде жаңа тұрғын үй бағасы ең көп өскен қалалар қатарында Ақтөбе (3%), Түркістан (2.9%), Көкшетау (2.3%) және Алматы (1.5%) бар. Астана мен Шымкентте баға өзгеріссіз қалды. Ал Ақтау мен Оралда баға 0.3% төмендеген.
Наурызда екінші нарықтағы пәтер бағасы қымбаттады
Ел бойынша жаңа тұрғын үйлердің бір шаршы метрінің орташа құны 615 933 теңгеге жетті.
Ең қымбат баспана:
Алматы – 733 375 теңге; Астана – 731 990 теңге; Атырау – 537 968 теңге.Ең арзан баспана:
Орал – 325 231 теңге; Ақтөбе – 356 454 теңге; Көкшетау – 358 868 теңге.Сарапшылардың есебінше, Алматы немесе Астанадағы бір пәтердің бағасына Орал мен Ақтөбеден екі пәтер сатып алуға болады.
Жыл басынан бері баға ең көп өскен қалалар:
Ақтөбе – 8.8%; Алматы – 6.2%; Көкшетау – 5.1%; Астана – 4.6%.Ал соңғы бір жылда Қазақстандағы жаңа тұрғын үйлер орта есеппен 15.1% қымбаттаған.
Жылдық өсім бойынша көш бастағандар:
Ақтөбе – 23.1%; Алматы – 18%; Астана – 17.7%.2020 жылдың соңынан бері елдегі жаңа тұрғын үйлер бағасы орта есеппен 73.3% өсті. Ең жоғары өсім Ақтөбе (97.5%) мен Астанада (91.3%) тіркелген.
Пәтер сатып алған қаншалықты тиімді?