• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда 03 Шілде, 2022

Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр

347 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері өтетін апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлері өз өнімдерін таныстырды.

Биыл тұрғындардың өтініші бойынша ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу орны «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңнан «Барыс Арена» мұз сарайына қарама-қарсы аумаққа ауысты.

Жәрмеңкеге елордаға жақын орналасқан Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кәсіпкерлері қатысты.

Кәсіпкерлердің айтуынша, өнімдер тез сатып алынады, ал бағалар нарықтық бағадан 10-15%-ға төмен.

Соңғы жаңалықтар