• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Тамыз, 2022

Франциядағы ұнтақ зауытында жарылыс болды

474 рет
көрсетілді

Францияның Бержерак қаласындағы ұнтақ шығаратын зауытта болған жарылыс салдарынан 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 80 адам жұмыс істейтін зауытта сағат 14:00 шамасында жарылыс болған. Ауыр жараланған 8 адамнан бөлек тағы 35-і түтінге уланған. Жарылыстың себебі әлі анықталған жоқ. 

Айта кетейік, аталған зауыт қару-жарақ өнеркәсібіне арналған жарылғыш заттарды өндіруге пайдаланылатын нитроцеллюлоза шығарады.