• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім 25 Тамыз, 2022

Биыл мектептерде алғашқы қоңырау қалай өтеді?

680 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жалпы мектептік іс-шараларды өткізуге қойылатын талаптарды әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа талаптарда нақтыланғандай, жалпы мектептік салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде аспанға шарлар мен көгершіндерді ұшыруға рұқсат етілмейді.

Құжатта барлық іс-шаралар тегін негізде өткізілетіні көрсетілген.

Сондай-ақ салтанатты жиындарда патриоттық тәрбиеге, мемлекеттік рәміздерге деген құрметке ерекше назар аударылатын болады.