• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Желтоқсан, 2022

Ақтөбе облысында жол апатынан 3 жасар бала қаза тапты

190 рет
көрсетілді

8 желтоқсан кешкі уақытта Самара-Шымкент автожолында Toyota Camry 30 автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүргізуші Әйтеке би ауданының ауруханасына жеткізілді, ал 3 жасар бала алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған. «Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалары тағайындалды. ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.