• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Білім 17 Мамыр, 2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Сиань университетінің филиалы ашылады

461 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған құжаттардың арасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситеті мен Сиань Солтүстік-Батыс политехникалық университеті арасындағы ҚазҰУ жанынан ССБПУ филиалын ашу туралы келісім бар.

Оған қоса, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қытай мұнай университетімен ынтымақтастық орнату туралы келісімге қол жеткізді.

Сондай-ақ С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Қытай Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылықтары университетімен ынтымақтастық жөнінде келісті.