Алматы гарнизонының әскери соты бағынушысына қатысты заңсыз әрекетке барған офицерге үкім шығарды. Сот оны қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп танып, жаза тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Іс материалдарына сәйкес, офицер А. бағынушысына физикалық күш қолданып, оны демалыс уақытында заңсыз жұмысқа тартқан. Ол өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған.
Мемлекеттік айыптаушы соттан 3 жыл мерзімге бостандығын шектеуді сұраған. Ал қорғаушы тарап 1 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындауды өтінді. Сотталушы кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеуге дайын екенін мәлімдеді.
Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: Командирдің салғырттығы бойынша тергеу аяқталды
Жәбірленуші өз кезегінде айыпталушыны заңның барынша қатаңдығымен жазалауды және келтірілген шығынды толық өтеуді талап етті.
Сот кінәні мойындауды жеңілдететін мән-жай ретінде ескергенімен, әскери антты бұзуды ауырлататын жағдай деп таныды. Нәтижесінде офицер А. 2 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Сарыөзектегі сарбаз өлімі: Министрлік түсініктеме берді
Сонымен қатар ол «аға лейтенант» әскери шенінен айырылып, жәбірленушінің пайдасына материалдық және моральдық өтемақы өндірілді.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Отардағы сарбаз оқиғасы: Әскери бөлімнің 4 лауазымды тұлғасы қызметінен босатылды