• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 11:03

Димаш Құдайбергеннің «Көкжиектен асқан үн» жобасы 2 миллиардтан астам қаралым жинады  

Қытайдың танымал Hunan Broadcasting System корпорациясы мен Димаш Құдайбергеннің бірлескен бастамасы «Voice Beyond Horizon» тележобасы 2 миллиардтан астам қаралым жинады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тележоба музыкалық шоу мен реалити-саяхат форматында түсірілді. Оған Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербиядан келген 8 орындаушы қатысты. Түсірілім Астана, Алматы қалаларында және Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Ақмола облыстарында өтті. Көрермендер көне Түркістан, Бозжыра шатқалы мен Каспий теңізінің жағалауы, Қайыңды мен Көбейтұз көлдері, Бурабай ұлттық табиғи паркі сияқты еліміздің танымал туристік орындарын тамашалады.

Қазақстан атынан қатысқан Нұржас Садырбай жобаның жеңімпазы атанды. Бағдарлама Қытайда Hunan TV телеарнасы мен Mango TV цифрлық платформасында, сондай-ақ «Qazaqstan» телеарнасында көрсетілді.

Эфир көрсетілімі интернеттегі әртүрлі платформадағы жалпы қаралым саны 2,36 миллиардқа жетсе, Mango TV-да 700 миллионнан асқан.

Аталған жоба таныстырылымы былтыр күзде өткен болатын. Еске сала кетейік, бұған дейін Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілгендігін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар