АҚШ-тың Айдахо штатында тұратын Роберт Биван соңғы 30 жыл ішінде лотереядан 18 рет жеңіске жеткен. Сөйтіп ұйымдастырушыларды да таңғалдырған. Ол әр жылдары жол талғамайтын көліктерден бастап жүздеген мың доллар көлеміндегі сыйақыларды иеленген, деп жазады Egemen.kz.
Роберт Биванның соңғы ірі ұтысы King Scratch лотереясында тіркеліп, 50 мың доллар жеңіп алған. Құжат рәсімдеу кезінде қызметкерлер оның бұған дейін де 17 мәрте жүлде иеленгенін анықтаған.
Америкалықтың алғашқы ірі жеңісі 1997 жылы болған. Сол кезде ол бірден жеті Chevrolet Blazer жол талғамайтын көлігін ұтып алған.
Осы жылдар ішінде Роберт түрлі көлемдегі ақшалай сыйлықтарға ие болған. Ең ірі ұтыстарының бірі – 200 мың доллар. Роберттің айтуынша, ол жұбайымен бірге лотереяны ешқашан байып кетудің жолы деп есептемеген. Ерлі-зайыпты билеттерді көбіне көңіл көтеру үшін – дүкенге немесе жанармай бекетіне барған кезде сатып алып жүрген.
Робер журналистердің «сәттіліктің сыры неде?» деген сұрағына: «Менің өмірімдегі ең үлкен жолым – жұбайым және 40 жылдық бақытты отбасылық өмір», деп жауап берген екен.
Р. Биванның оқиғасы кездейсоқ сәттіліктің қарапайым адамды лотерея аңызына айналдыра алатынын тағы бір мәрте айғақтады.
Әлеуметтік желіде заңсыз лотерея ұйымдастырғандар жазаланды