• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Тамыз, 2023

Жүлдеге қол жеткізе алмады

170 рет
көрсетілді

Әзербайжанның бас шаһары – Бакуде нысана көздеуден әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Стенд атудан Александр Ещенко фи­налға бір қадам қалғанда тоқтады. Ол 125 мүмкіндіктен 123 ұпай жинады.  Нәтижесінде, Ещенко жетінші орынға ие болды. Әйелдер арасында Әсем Орынбай 120 рет нысананы дәл көздеп, 14-орынды иеленді. Ерлердің  командалық сайысында Қазақстан командасы бесінші орынға ие болды (375-тен 362 нысана). Әйелдер құрамасы оныншы нәтиже көрсетті (375-тен 346 нысана).

Аралас командалар арасындағы жарыс­та Зоя Кравченко мен Давид Почивалов 150-ден 143 нысананы, ал Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко 150-ден 142 нысананы жапты.