• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қаңтар, 2024

БҚО-да оқушылар мектепте тыйым салынған сайттарға еркін кіріп жүрген

305 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының прокуратурасы жүргізген талдауда кәмелетке толмаған оқушылар 14 мектептің информатика кабинеттерінде тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізіп келгені анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін қол жеткізгені белгілі болды.

Мектеп қабырғасында мұндай әрекетке жол берілгені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша 14 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінгі таңда ауданның барлық білім беру мекемелерінде осындай интернет-сайттарға кіруге шектеулер қою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.