• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Ауа райы 20 Сәуір, 2024

Алдағы аптада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауады

224 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК алдағы аптада еліміздің бірнеше өңірінде жауын-шашын болатынын ескертті, деп жазады Egemen.kz

Синоптиктердің мәліметінше, 20-26 сәуір аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады әрі жауын-шашын күтіледі. 

«Аптаның басында және ортасында Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жаууы ықтимал. Аптаның соңында Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, Абай облысында түнде қар аралас жаңбыр жауады. 23, 25 сәуір күндері Жамбыл облысында, 26 сәуірде Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында нөсер жауын болуы ықтимал»,  делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.