• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.64
  • EUR:
    609.23
Басты сайтқа өту
Бокс 22 Сәуір, 2024

Қазақстан бокс федерациясына жаңа вице-президент келді

292 рет
көрсетілді

Қазақстан бокс федерациясы президентінің жарлығымен Түкешов Жалғас Бөкенбайұлы республикалық федерацияның бірінші вице-президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жалғас Түкешов - бокс жанкүйерлері арасында танымал маман. Ол ұзақ уақыт бойы кәсіби бокс кештерінің ұйымдастыруымен айналысып, промоутерлік қызмет атқарған. Бокстан ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен. Қазақстан Республикасының спорт шебері», делінген федерация хабарламасында.