• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Тағайындау 03 Мамыр, 2024

Су ресурстары және ирригация вице-министрі тағайындалды

220 рет
көрсетілді

Үкімет қаулысымен Аслан Сабазұлы Абдраимов су ресурстары және ирригация вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тәмамдаған.Еңбек жолын 2002 жылы жекеменшік компанияда бастаған. Әр жылдары құрылыс және логистика саласында жұмыс істеді.2010-2024 жылдары — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі директоры, интеграцияланған шешімдер департаментінің директоры қызметін атқарды.