• RUB:
    6.39
  • USD:
    510.84
  • EUR:
    579.7
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2010

БАЙЛАНЫСТАР БАЙЫПТЫ ДАМИ БЕРМЕК

396 рет
көрсетілді

16 маусымда Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Иран Ислам Республикасы және Француз Республикасы дипломатиялық миссиялары басшыларымен кездесулер өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Иран Ислам Республи­касының Қазақстандағы Т­өтенше және өкілетті елшісі Горбан Сейфимен кездесу барысында екіжақты сау­да-экономикалық қызметтестікті одан әрі дамыту мәселелері тал­қыланды. Кәрім Мәсімов пен Фран­цуз Республикасының Қа­зақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Жан-Шарль Бертонэ арасындағы кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қа­тынас­тарды дамыту перспекти­ва­лары, сол сияқты, үстіміздегі жылдың шілде айында Астана қаласында өтетін Экономикалық қызметтестік жөніндегі үкіметаралық ко­миссия отырысының күн тәр­тібі әңгіме арқауына айналды.