Білім 06 Тамыз, 2024

Биыл алғашқы қоңырау қашан соғылады

306 рет
көрсетілді

Биыл 1 қыркүйек жексенбі күнге тұспа-тұс келіп тұр. Осыған байланысты ел мектептерінде алғашқы қоңырау қашан соғылатынын Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп жазады Egemen.kz.

Министрдің мәліметінше, алғашқы қоңырау дәстүрге сай уақытылы соғылады.

«1 қыркүйек − дәстүрге сәйкес білім күні. Сондықтан биыл да жылдағыдай алғашқы қоңырау салтанатты шарасы өтеді», деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.