• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Ғылым 21 Қыркүйек, 2024

Қазақ-неміс ғылыми байланысы бекиді

150 рет
көрсетілді

Отандық ғылым қоры мен Германияның ең ірі ғылыми ұйымы – Неміс зерттеу қорының (Deutsche Forschungsgemeinschaft, DFG) өкілдері кездесті. Кездесуде технологияларды коммер­цияландыру саласындағы неміс ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту мақсатында бірлескен ғылыми жобаларды дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Жиынға Ғылым қо­рының төрағасы Камиль Ақатов, төр­ағаның орынбасары Әлия Сембаева, DFG халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Йёрг Шнайдер, DFG-ның Шығыс Еуропа және Орталық Азия жө­ніндегі маманы Элиза Бреккефельт, DFG-ның ин­женерлік ғылымдар жөнін­­де­гі бағдарламалық ди­рек­то­ры Козима Шустер, сондай-ақ CASIB Ал­маты­дағы кеңсесі­нің басшысы Питер Либельт қатысты.

Ғылым қоры мен Неміс зерттеу қоры өкіл­дерінің аталған кездесуде жаңа ғылыми-инно­вациялық коллаборацияларды құру перспекти­валарын және қазақстандық ғалымдарды бір­лескен ғылыми жобаларға тарту бағдарламасын жүзеге асыру бастамасы жөніндегі ой-пікірле­рін ортаға салды. Осыған қоса отандық ғалымдар­ға қатысты технологияларды коммерцияландыру саласындағы мүмкіндіктер, сондай-ақ неміс әріптестерімен ынтымақтастықтың жаңа нысандары талқыланды.

DFG Орталық Азияда іске асырылатын «Қол­данбалы ғы­лымдар университеттеріндегі зерттеулерге арналған желі» (UDIF-HAW) бастамасын ұсынды. Бұл бағдарлама қолданбалы ғылым уни­верситеттері мен өңірдің ғылыми институттары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты күшей­­туге бағытталған.

Ғылым қорының хабарлауынша, Неміс зерттеу қоры­­ның өкілдері ғылыми ынты­мақ­тастық құралдарын пайдалану тәжірибесін бөлісіп, атал­ған қоры тарапынан Орталық Азия мен отан­дық ғалым­дар­ға қолжетімді қаржыландыру мүм­кін­дігі ұсынылды. DFG жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Орталық Азия елде­рін­де шамамен 30 000 ғылыми жобаны қаржыландырады. Қор­дың жылдық бюджеті 4 миллиард евро­дан асады. Ғылым қоры «Horizon Europe» бағ­дар­ламасы аясында Гер­манияның зерттеу ұйым­дары­мен белсенді байланыс орнатып отыр, бұл қазақ­стан­дық ға­лымдардың халықаралық жоба­ларға қатысуына қосым­ша мүм­кіндіктер ашады. 

Соңғы жаңалықтар