• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қазан, 2024

Алматы-Екатеринбург тасжолының бір бөлігі жабылды

106 рет
көрсетілді

Алматы-Екатеринбург тасжолының бір бөлігі жабылды, бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болған, деп жазады Egemen.kz.

Аталған жол бөлігі Қарағанды ​​облысы аумағында орналасқан.

«2024 жылғы 14 қазанда сағат 08:30-да қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты «РФ шекарасы (Екатеринбургке)-Алматы» автожолының 1610-1855 шақырымы аралығындағы Ақсу-Аюлы - Балқаш бағытында автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады», делінген хабарламада.