• RUB:
    6.53
  • USD:
    511.67
  • EUR:
    582.38
Басты сайтқа өту
Тағайындау 26 Қараша, 2024

Құрлық әскерлерінің жаңа бас қолбасшысы тағайындалды

176 рет
көрсетілді

Бұндай бірқатар ауыс-түйістер туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

  

«Мемлекет басшысының өкімдерімен: Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды;

Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.

Сонымен қоса, Ақорда хабарламасында: «Мемлекет басшысының өкімдерімен: Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Ержан Уақасұлы Ыбыраев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», делінген.