• RUB:
    6.63
  • USD:
    518.81
  • EUR:
    596.27
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Қараша, 2024

Ташкентте үш азамат банкомат арқылы жалған долларды айырбастаған

80 рет
көрсетілді

Өзбекстан астанасында банкомат арқылы жалған банкноттарды айырбастады деген күдікпен үш азамат ұсталған. Бас прокуратура жанындағы Экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаментінің мәліметінше, олар 28 жалған 50 долларлық банкнотпен операция жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға Ташкенттің Чиланзар ауданында орналасқан «Ипак Юли» банк филиалының өтінішінен кейін анықталған.

Тексеру барысында азаматтар Т.Т. (бұрын сотталған), Н.О. және А.Ш. банкомат арқылы жалған банкноттарды айырбастаған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 176-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.