• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Желтоқсан, 2024

Жаңа үлгідегі 2000 теңгелік банкноталар айналымға шықты

134 рет
көрсетілді

Ұлттық банк  2024 жылғы үлгідегі жаңа дизайнмен номиналы 2 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айта кетейік, бұл «Сақ стилі» жаңа сериясы аясында шыққан үшінші банкнота. Ол қазақы ою-өрнектің бастау негізі саналатын және көшпелілердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделген.

Жаңа банкноталар 2025 жылдың екінші тоқсанында қолданысқа беріле бастайды.