• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Желтоқсан, 2024

Ақтаудағы ұшақ апаты: Төрт адам жансақтау бөлімінде жатыр

110 рет
көрсетілді

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы Ақтау маңында ұшақ апатынан зардап шеккен науқастардың қазіргі жағдайы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазір ұшақ апатынан зардап шеккен 6 науқас ауруханада емделіп жатыр. Олардың төртеуі жансақтау бөлімінде. Біреуінің жағдайы өте ауыр, үшеуінің жағдайы тұрақты. Екі науқас травматология бөлімінде емдеуді жалғастырып жатыр», делінген хабарламада.

Алты науқастың үшеуі Әзербайжан, үшеуі Қырғызстан азаматы екені атап өтілді.