• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.55
  • EUR:
    596.03
Басты сайтқа өту
Тағайындау 13 Қаңтар, 2025

Қарағанды өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасына басшы тағайындалды

60 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып Асқар Ғазалиев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кадрлық өзгерістер туралы аппараттық кеңесте облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлім етті.

Асқар Ғазалиев 2009 жылдан бері мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді. ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Президентінің Іс-Басқармасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің бас консультанты, бас инспекторы лауазымдарын атқарған.

2024 жылдың сәуірінен бастап осы уақытқа дейін ҚР Үкіметі аппаратының Өңірлік даму және бақылау бөлімінің инспекторы қызметін атқарған.