• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Медицина 15 Қаңтар, 2025

Былтыр елімізде 250 науқасқа трансплантация жасалған

84 рет
көрсетілді

2024 жылы Қазақстанда барлығы 250 ағза мүшесі трансплантацияланған. Оның ішінде 227 ағза мүшесі тірі донорлардан, ал 23-і марқұмдардан алынған, деп жазады Egemen.kz. 

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ақпаратқа қарағанда, 2012 жылдан бері трансплантация бағдарламасы аясында Қазақстанда 2800 операция жүргізілген. Олардың ішінде:

2353 операция (84%) — тірі донордан; 447 операция (16%) — қайтыс болғаннан кейінгі донордан.

Қандай ағза мүшелері жиі трансплантацияланған?

Бүйрек - 2078 операция; Бауыр - 541 операция; Жүрек - 98 операция; Өкпе - 22 операция; Ұйқы безі - 2 операция; Мөлдір қабық - 59 операция.

Қазіргі уақытта Қазақстанда трансплантацияны күту парағында 4113 адам (95 бала) бар, оның 3672-сі бүйректі қажет етеді, 184 адам донорлық бауырды және 138 адам жүректі күтіп жүр.

Ағза мүшелерін трансплантациялау тек медициналық ем-шара ғана емес, бұл - науқас адамдар үшін жаңа өмірге мүмкіндік.

Соңғы жаңалықтар