• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Энергетика 20 Қаңтар, 2025

Биыл 12 млн тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етіледі

92 рет
көрсетілді

Биыл мемлекет жеті бірдей елді мекенге газ тарттыру үшін  қазынадан 65,9 млрд теңге бөліп отыр. Яғни 12 млн 400 мың тұрғын көгілдір отынды пайдалана алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осыған орай елімізде бірнеше жоба іске асырылып жатыр.

Атап айтсақ, «Финская-120» автоматтандырылған газ реттеу станциясын және магистральдық газ бұру құбырын салу Атырау облысындағы ірі жобалардың бірі. 

Сонымен қатар осы жылы «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылысы аяқталады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, құрылысы жүріп жатырған ұзындығы 302 км «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбыры  124 мың адамды қамтитын Жетісу облысының 66 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етеді. 

Бұған қоса Қашаған кен орнында қуаты жылына 1 млрд м3 МӨЗ салу жұмыстары жалғасып жатыр.

Жоба шикі газды қайта өңдеудің ұлттық бағдарламасы шеңберінде іске асады. Бұл Қашаған кен орнынан мұнай өндіруді тәулігіне 25 мың баррельге ұлғайтуға және ішкі тұтыну үшін тауарлық газ көлемін жылына 700 млн м3 ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ал Қашаған кен орнының шикізат базасында жылына 700 мың тоннаға дейінгі көлемде сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі технологиялық кешеннің құрылысы басталды.

Айта кетейік, 2026 жылдан бастап сұйытылған мұнай газының қосымша көлемі халықты автогазбен қамтамасыз етеді және өңірде мұнай-газ химиясын дамытуға жол ашады.