Улытау облысында 36 мемлекеттік қызметкер, соның ішінде 10 жетекші маман құмар ойын ойнағаны үшін жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Улытау облысы прокуратурасының тексеруі бойынша, 36 мемлекеттік қызметкер, соның ішінде 10 жетекші құмар ойындарға тыйым салынғаннан кейін де екі букмекерлік компанияда ставка жасауды жалғастырғаны анықталды. Бұл шектеу 2024 жылғы қыркүйекте енгізілген.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» заңның 12-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойынға қатысуға тыйым салынған. Прокуратура актісін қараған соң, тиісті қызметкерлер өз лауазымдарынан босатылды.
Екібастұзда құмар ойындарға қатысқан мемлекеттік қызметшілер анықталды
Сонымен қатар, ведомство жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын тұрақты бақылауда ұстайтынын хабарлады.
700 мыңға жуық азамат бәс тігумен тұрақты айналысады: Құмар ойындар нарығы неге өсіп барады?