АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп инаугурациясының бірінші күнінде 100-ге жуық жарлыққа қол қоюға ниетті екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Трамп бұл құжаттар «АҚШ президенті Джо Байден жасаған көп нәрсені жоюға» бағытталғанын айтты.
Бұған дейін Трамп науқанының аға экономикалық кеңесшісі Стивен Мур жаңа мемлекет басшысы қызметке кіріскен алғашқы күнінде 50-ден 100-ге дейін, ал келесі апталарда одан да көп жарлыққа қол қоюы мүмкін екенін мәлімдеген.