• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Кино 20 Қаңтар, 2025

Ыстамбұлда «Janym Qazaqstan» фильмінің көрсетілімі өтті

70 рет
көрсетілді

Ыстамбұлда Қазақстан студенттеріне арналған «Janym Qazaqstan» қазақстандық фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Қазақстан Республикасының Бас консулдығы мен «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараға 400-ден астам студент жиналып, осы бірегей жобаның алғашқы көрермендері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz

QazaqGeography және QG Production бірлесіп жасаған «Janym Qazaqstan» жобасы еліміздің мәдени байлығы мен табиғи сұлулығын ілгерілетуге бағытталған бастама. 

«Бізде әлемге көрсететін көп нәрсе бар. Бұл Аризона, Жаңа Зеландия немесе Швейцария емес. Бұл біздің бай, ерекше Қазақстанымыз, ол назар аударуға және таңдануға лайық» деді еліміздің Ыстамбұлдағы Бас консулы Аманқұл Нұриддин.