• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Қаңтар, 2025

Владимир Путин Дональд Трамппен ашық диалогқа дайын

136 рет
көрсетілді

Ресей басшысы Владимир Путин жаңадан сайланған АҚШ Президенті Дональд Трампты инаугурациямен құттықтап, Украина қақтығысы туралы диалог құруға ашық екенін айтты. Бұл турасында ол Ресей Федерациясының Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен жедел жиналыста мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Путиннің айтуынша, Мәскеу Трамп және оның командасының Ресеймен қарым-қатынасты дұрыстауға бағытталған ниетін байқап, біліп отыр. Мұның алдындағы диалог Байден әкімшілігінің қызметтен кетуі себепті жүзеге аспай қалған болатын.

«Үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын-алу қажеттілігі туралы барлық мәлімдемесі біздің тарапқа жетіп жатыр. Сөзсіз, біз мұндай ықыласты қолдаймыз және АҚШ-тың жаңа сайланған Президентін қызметке кірісуімен құттықтаймыз», деді Ресей басшысы.