• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Қаңтар, 2025

Жарыс күнделігі

87 рет
көрсетілді

World Boxing халықаралық федерациясы бокстан Әлем кубогінің кезеңдік сайысы елімізде өтетінін ресми түрде растады. Аталған жарыстың жалауы биыл 30 маусым мен 7 шілде аралығында жел­бірейді.

Ресейдің Краснояр қаласында Иван Ярыгиннің турнирі басталды. «Кіші әлем чемпионатына» баланған жарыста еркін күрестен еліміздің намысын Қайрат, Қуат Әміртаевтар (61 кг), Рифат Сайбаталов (65 кг), Мұрат Жақыпов (74 кг) сынды балуандар қорғайды. Әйелдер күресінен өтетін бәсекеде Марал Тәңірбергенова (50 кг), Нилуфар Раимова (57 кг), Шұғыла Өмірбек (57 кг), Айнұр Әшімова (59 кг), Тыныс Дүбек (62 кг), Виктория Хусаинова (62 кг), Айзада Амангелді (65 кг), Әлбина Қайыргелдинова (68 кг), Шамшиябану Тастанбек (72 кг), Елмира Сыздықова (76 кг) бақ сынайды. 28 ақпанда Астанада кәсіпқой бокс кеші өтеді. Сол жарыста супер орта салмақта сайысқа түсіп жүр­­ген еліміздің танымал былғары қолғап шебері Әли Ахме­довтің де (23-1, 17 KO) өнер көрсетуі мүмкін. Боксшының жеке бапкері Сағатбек Мұсахановтың айтуынша, қазіргі кезде жерлесімізге қарсылас ретінде қарастырылып отырған Польшаның өкілі Мацей Сулен­цкимен (32-3, 12 КО) келіссөз жүргізіліп жатыр. Португалияның Оэйраш қаласында өтіп жатқан «Челленджер» санатындағы турнирді еліміздің теннис­шілері сәтті бастады. Алғашқы айналымда Бейбіт Жұқаев корт қожайыны Гаштан Элиашты еңсерді – 6:3, 6:2. Енді ол өзінің отандасы Дмитрий Попкомен күш сынасады. Соның алдында ғана Попко бельгиялық Рафаэль Коллиньонды ұтқан еді – 6:3, 6:2. Тілек Мұ­қан­бетқа­лиевтің атағы алысқа жа­йылған Қабырхан атты тұлпары биыл да Дубайдағы дүбірлі додаға қа­тысады. Былтыр дәл осы шаһарда өткен жарыста аталған сәйгүлік алдына жан салмай, 1 миллион АҚШ долларын еншілеген еді. Қазірдің өзінде УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шыққан 18 команда белгілі. «Ливерпуль» (Англия) мен «Барселона» (Испания) алға қойған мақсатын күні бұрын орындап тастаса, солардың қатарына кеше «Арсенал» (Англия), «Интер» (Италия), «Атлетико» (Испания), «Милан» (Италия), «Аталанта» (Италия), «Байер» (Германия), «Астон Вилла» (Англия), «Монако» (Франция), «Фейеноорд» (Нидерланд), «Лилль» (Франция), «Брест» (Франция), «Боруссия Дорт­мунд» (Германия), «Бавария» (Германия), «Реал Мадрид» (Испания), «Ювентус» (Италия), «Селтик» (Шотландия) қосылды. Қалған командалардың тағдыры 29-30 қаңтар күндері өтетін соңғы турда шешіледі. 3-8 ақпан аралығына Абу-Дабиде жүлде қоры 1 миллион доллардан асатын WTA 500 турнирі өтеді. Бұл жарыста еліміздің бірінші, екінші ракеткалары – Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева өнер көрсетеді. Осыдан 10 жылдан аса уақыт бұрын еліміздің премьер-лигасында «Ақтөбенің» сапында ойнаған жартылай қорғаушы Тимур Кападзе Өзбекстанның ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. 43 жастағы Фергананың тумасы бұған дейін сол елдің жастар командасын (U-23) жаттықтырып, тарихи жеңістерге қол жеткізген еді. 
Соңғы жаңалықтар