Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының финалисі және «Елорда кубогі» халықаралық турнирінің 75 келіге дейінгі салмақ бойынша жеңімпазы Нұрқанат Райыс кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізбек.
Sportqazaq мәліметінше оның алғашқы қарсыласы белгілі болып отыр, ол – ирандық Сажжад Каземзаде Поштири. Аталған жекпе-жек Ақтау қаласында ақпан айының 23-і күні өтеді.