• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Қаңтар, 2025

Данияға қарсы ойнайды

102 рет
көрсетілді

Еліміздің құрамасы 2026 жылы Литва мен Латвияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі қарсаңындағы соңғы дайындықтарын пысықтады.

Жерлестеріміз ал­да­ғы екі кездесуін Да­нияға қарсы өт­кі­зеді. 1 ақпанда Сённерборгте, 5 ақпанда Астанада ойнайды. Ұлттық команданың бас бапкері Рикардо Кака алдағы матчтарда мына спортшыларға сенім артып отыр: Қақпашылар – Лео Игита, Нарун Серіков, Рауан Сисенғалиев. Алаңдағы ойыншылар – Дуглас Жуниор, Арнольд Кнауб, Біржан Оразов, Дәурен Тұр­сағұлов, Жаһангер Рәшит, Дамир Қайырбай, Ілияс Бердалин, Ақжол Дәрібай, Ержан Қарменов, Ринат Төреғазин, Азат Валиуллин, Ерсұлтан Сағындықов, Леонардо Мендонка.

Қазір еліміздің құрамасы Ар­мениямен бірінші, екінші орындарды өзара бөлісіп тұр. Қос команданың қоржынында 4 ұпайдан бар. Үшінші сатыға жайғасқан Албанияда – 3 ұпай. Данияның қоржыны бос. Бү­гінге дейін жерлестеріміз екі ойын өткізді. Сырт алаңда албан­дықтарды (2:0) ұтса, өз алаңында армениялықтармен (4:4) тең түсті.

 

Соңғы жаңалықтар