• RUB:
    6.3
  • USD:
    506.21
  • EUR:
    568.42
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Қаңтар, 2025

Израиль шабуылынан 10 палестиналық опат болды

86 рет
көрсетілді

Израиль Иордан өзенінің батысын бомбалап, 10 палестиналық қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағы бірнеше адам жараланған. Бұл туралы «Әл-Жазира» телеарнасы хабарлады. Тубас провинциясында тұрғын үйлер талқандалған. Израиль әскерилері: «Біздің көздегеніміз – лаңкестер болды»,  дейді. Бірақ олар қандай террористік топтар екенін нақтыламаған.

Айта кетейік, 21 қаңтардан бері Израиль әскері Иордан өзенінің сол жақ жағасында «Темір қабырға» атты операция өткізіп жатыр. Негізі Дженин, Тулькарм және Аната қалалары нысанаға алынған.