• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Ақпан, 2025

Қарағандыда 14 адамның 120 млн теңгесін алдап алып кеткен күдікті ұсталды

55 рет
көрсетілді

Полиция өзін банкирмін деп таныстырған 39 жастағы қарағандылық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғап, оны қамауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша,  қаланың 35 жастағы тұрғыны депозиттерден табыс тапқысы келіп, танысына 19 миллион теңгеге жуық қомақты қаражат берген. Ол дивидендтерді күтіп, үміті ақталмай екі жылдан астам уақыт өткеннен кейін полицияға жүгінген. 

Нәтижесінде тергеу бөлімі алаяқтың әрекетінен зардап шеккен үш жәбірленушінің өтінішін тіркеген.

«Қазіргі уақытта тергеушілер шамамен 120 миллион теңгені құрайтын 14 алаяқтық фактісін анықтады. Сотқа дейінгі тергеу аясында полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр», делінген хабарламада.